Жалақы төлеуді талап еткен футболшыларды жаттықтырушылары ұрып-соққан

0
610

Олар ойыншыларды таяқпен және орындықтармен ұрып-соғып, арқанмен қылқындырған.


Жалақы төлеуді талап еткен футболшыларды жаттықтырушылары ұрып-соққан

ERNUR.KZ. Өзбекстандық «Сурхан» футбол клубының бұрынғы ойыншылары жалақы төлеуді талап еткені үшін таяқ жегенін айтты, деп жазады 24.kz.

Басшылық футболшылар Жавохир Есонқұлов пен Акром Ходжаевқа қарызды жарты жыл ішінде өтеуге уәде беріп, оларды кеңсеге шақырған. Бірақ ол жерде футболшыларды команданың жаттықтырушылары күтіп тұрған.

Олар ойыншыларды таяқпен және орындықтармен ұрып-соғып, арқанмен қылқындырған. Айғақтардан құтылу үшін футболшыларға таза киім кигізіп, босатып жіберген.

«Сурханның» басшылығы бұл нұсқаны жоққа шығарады, ойыншылар қақтығысты бірінші болып бастады және бұл тек қорғаныс шарасы болды деп мәлімдеді.

Айта кетейік, «Сурхан» жоғарғы лигада ойнайды және аутсайдер команда, ол соңғы – 13-орында және 18 матчта 14 ұпай жинаған.