Ж.Құламбаева үш сетке созылған тартысты бәсекеде 1:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық, әлемнің 447-ракеткасы Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты, деп жазады ҚазАқпарат.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 1257-орында тұрған ұлыбританиялық Элеанор Баглоумен шеберлік байқасты.
Ж.Құламбаева үш сетке созылған тартысты бәсекеде 1:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Жібек Құламбаева финалда әлемнің 551-ракеткасы, румыниялық Карола-Патриция Беженару немесе рейтингте 771-сатыдағы грекиялық Элени Христофидің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Сербиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Тимофей Скатов алғаш рет Ролан Гарростың негізгі турниріне жолдама алды.
Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде 16 жастағы теннисшімен ойнайды.