Арыс ауданын газдандыру жұмысы қарқын алды

0
1 225

Арыс ауданында 32 елді мекен бар. Солардың 25-інің тұрғындарын 2025 жылға дейін газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.


Арыс ауданын газдандыру жұмысы қарқын алды

2025 жылға қарай Түркістан облысы Арыс ауданы тұрғындарының 95 пайызы газбен қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Елді мекенге көгілдір отынды жеткізуді «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» газ құбырының тармағы қамтамасыз етеді. Магистралді салу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттама былтыр әзірленген. Оған облыстық бюджеттен 88 миллион теңге бөлінді.

Ауданды газдандыру үрдісі үш кезеңнен тұрады, бірінші кезеңі басталып кетті. Арыс ауданында тұратын халықтың жалпы саны – 75000 адам, соның 50000-ы аудан орталығында тұрады.

Мұрат Қадырбек, Арыс қаласының әкімі: "Биылғы жылы бір жарым млрд теңге бөлінді. Осы ақшаның есебінен жұмыстар атқарылып отыр. Мердігерлер кестеге сәйкес жұмыс істейді және мерзімінде салып аяқтауда. Арыс ауданында 32 елді мекен бар. Солардың 25-інің тұрғындарын 2025 жылға дейін газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. 2020 жылға қарай аудан орталығын 95 пайыз газдандыру жоспарланып отыр."