Қызуы көтеріліп жатса да масамен алысуға мәжбүр... Төсек-орынның жетіспеуіне түсіністікпен қарасақ та, масаның шабуылына шыдай алмадық.
фото: Nurzina Torehanova-ның Facebooke-тағы парақшасынан алынды
ERNUR.KZ. Шымқала тұрғыны Нұрзина Төреханова өзінің фейсбуктегі парақшасында ауырып қалған қызының Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында қолайсыздыққа тап болғаны жөнінде жазыпты.
«Қызым грипп жұқтырып, жедел жәрдеммен ауруxанаға түстік. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруxанасындамыз. Мақсатымыз ем алып,асықпай шығу еді. Бірақ бұған қаптаған МАСА мүмкіндік берер емес. Талап жатыр. Өздері ірі, саны көп. Мұнда бір күн де жату мүмкін емес. Ертең «отказной» жазып, масадан бас сауғалап қашамыз деп нық бекініп отырмыз. Қызымның бет-аузы мен денесінде сау-тамтық жоқ. Бұл - біздің түскенімізге бір екі күн болғандағы жағдай. Бір-екі апта жатсақ баламның қалай азап шегетінін елестете алмаймын. Шаққан жерді ісіріп, дуылдатып ұзақ уақыт қышытып, бала ұйқы көрмей мазасызданады. Маса қан арқылы түрлі ауру тарататынын ойласам қорқып кетем, түрлі диагнозбен қаншама бала жатыр... Қызым грипп. Қызуы көтеріліп жатса да масамен алысуға мәжбүр... Төсек-орынның жетіспеуіне түсіністікпен қарасақ та, масаның шабуылына шыдай алмадық. Тиісті мекеме «москитная сетка» орнатып, дәрі шашып, тиісті шара көрмесе, балаларға обал!», - деп жазады Нұрзина Төреханова.