​Білім басқармасы Түркістанға қоныс аударды

0
7 890

Олар Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі ғимаратынан бөлінген арнайы орынға жайғасып отыр.


​Білім басқармасы Түркістанға қоныс аударды

ERNUR.KZ. Облыстық білім басқармасы Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласына қоныс аударды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Әзірге, мамандар Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі ғимаратынан бөлінген арнайы орынға жайғасып отыр. Жұма күні өткен салтанатты жиынға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов, облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов және Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Айдос Абпазов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара колледждің мәжіліс залында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы әдістемелік қызмет іс-әрекетінің стратегиялары мен жаңа мүмкіндіктері» атты семинармен жалғасты.

Ұстаздардың басын қосқан бұл алқалы отырыс еркін бағытта өтті. Облыс аумағынан келген білім саласының мамандары сұрақ-жауап бағытында пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.