«Дарабоз - 2018» үздіктерді анықтады

0
2 457

​Тәуелсіз еліміздің болашағы, тірегі - білімді ұрпақ. Адамның азаматтығы, рух биіктігінің деңгейі ата-бабасынан қалған асыл мұрасы - атамекенін, салт-дәстүрін, тілін, өнерін қастерлеу мен мемлекеттің тәуелсіздігін қорғау бірінші орында болуы керек.


«Дарабоз - 2018» үздіктерді анықтады

Түркістан өңірінде облыстық «Дарабоз - 2018» байқауы өтіп, үздіктерді анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш байқауда Ғани Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебінің 11 «а» сынып оқушысы Дамира Болатқызы «Вокал» номинациясы бойынша, 8 «а» сынып оқушысы Дүйсенбай Нарымбет «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша бас жүлделерді иеленді. Бұл қос қуаныш бір отбасының перзенттерінің жетістіктері. Облыстық байқаудың жеңімпазы атанған Дамира Болатқызы Астана қаласында өткен республикалық «Жас ұлан - 2018» әскери әндер байқауына Түркістан облысының атынан қатысып ІІ орын иеленді.

«Даму да, білім де, өнер де ешбір адамға қолдан беріле бермейді. Бұл тума талант, қаннан берілетін қасиет. Қос қуаныш сыйлаған балалардың ата - анасы Болат ағай мен Гауһар апайымыздың осындай дарынды, дара ұл мен қызды тәрбиелегені үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл өнерлі отбасына тек шығармашылық жетістіктер тілейміз. Мектебіміздің мақтанышы болған оқушыларымызға алдағы өмірде сәттілік серіктері болып, бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз», - дейді үздік шыққан балалардың ұстазы Ләззат МАХАШОВА, Ғани Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі.