«Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі» семинар-практикумы

0
3 002

Жас ұрпақты табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, табиғатты қорғауға шақырған семинар өтті.


«Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі» семинар-практикумы

10 желтоқсан күні Түркістан облысы, Арыс қаласындағы С. Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында қалалық семинар-практикум болып өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Семинар Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы негізінде «Өлкетану» базалық бағытын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Экологиялық сауаттылық – болашақ кепілі» тақырыбындағы семинар-практикумға Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері Мұхаметова Амина, қалалық «Жас туристер, натуралистер, техниктер станциясының» директоры Қарынтаева Ұлжалғас және аудан мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, ғылыми жұмыспен айналысып жүрген оқушылар қатысты.

Семинар-практикумның бағдарламасымен С. Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің директоры Үдерханов Мейрамхан таныстырды. Өлке табиғатын қорғау, туған жер, мемлекетіміздің байлығы саналатын табиғат ресурстарын тиімді пайдалану туралы баяндамалар тыңдалды.

Семинар соңында семинарға қатысушылар С. Қожанов атындағы мектеп оқушыларының тақырыпқа байланысты коцерттік бағдарламасын тамашалады.