Бүгінде 6 геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында кен өндірісі дамитын болады. Бүгінде қала аумағында 6 геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Кентау қаласындағы индустриялды аймақтың жалпы ауданы 25 гектарды құрайды. Онда 5 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі кезде2 жоба толығымен жүзеге асырылып отыр. Олар - Кентау қаласы бойынша 2015-2019 жылдары өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске қосылған «ЮгЭлектроПривод» ЖШС және «Электродеталь» ЖШС. 4,3 гектар аумақта инженерлік инфрақұрылым орналасқан, 15,55 га жер телімі резервте.
Осы жылдың 10 айының қорытындысымен қаланың жалпы өнім көлемі 87 млрд. 313 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе артқан.
- Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 12 млрд. 315,4 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 160 пайызды құрады. Кентау қаласына 12 ауыл округтерінің қосылуымен 2018 жылдың 10 айында қолданыстағы шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 6784 бірлікке жетіп, 2,5 есе өскен. Шағын бизнес субъектілерінің осы кезеңде өндірген өнімдері мен жасаған қызметтерінің жалпы соммасы - 61 млрд. 134,8 млн. теңгені құрады, - деді Әбдібақыт Тілләбайұлы.