Көзі зағип арулар арасында сұлулық байқауы өтті

0
1 476

Бүгін Шымкент қаласындағы Көзі көрмейтін жəне əлсіз көретін кітапханада қыздар арасында "Көктем аруы" байқауы өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Көзі зағип арулар арасында сұлулық байқауы өтті
Бүгін Шымкент қаласындағы Көзі көрмейтін жəне əлсіз көретін кітапханада қыздар арасында "Көктем аруы" байқауы өтті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Байқауға 5 қыз 5 кезең бойынша қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Талабы мен таланты келіскен бұрымдылардың əуелетіп əн айтып, образға еніп оқыған молологтары мен шығарған өлеңдері көпшіліктің көзіне жас үйірді. Олардың жасаған тағамдары мен түрлі бұйымдары да көрерменді тамсандырды.

Байқау соңында қатысушыларға əділ қазылар өз бағасын беріп, бəрі де "қазақ қызы" деген атқа лайық деп, əр қатысушыға номинациялар бойынша дипломдар табыс етілді.