​Мақтаарал ауданында тағы да 3 ауылды су басу қаупі сейілмей тұр

0
1 618

Қызыл су ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне өтіп, егістік алқаптарына жайылуда.


​Мақтаарал ауданында тағы да 3 ауылды су басу қаупі сейілмей тұр

Кеше Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауыл окугіндегі Өргебас ауылын қызыл су басып, М-39 "Ташкент-Термез" трассасының бойына жайылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен қатар, түсауа ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне өтіп, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының егістік алқаптарына жайылуда.

Осыған орай Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакентте орналасқан облыстық штаб алдағы уақытта тұрғындарды су басқан жағдайда көшуге дайын болу керектігін ескертеді.

Нақтырақ айтқанда, үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріп, өздеріңізбен бірге құжаттарыңызды, жылы киім, бағалы заттар және керекті заттарыңызды әзірлеп, эвакуацияға дайын болуларыңызды сұраймыз!