Кеше кешкі 21:00-ден бастап тиісті сала қызметкерлері жалақы қаржысын банкке аудару жұмыстарын жалғастыруда.
фото: ашық дереккөзден
Жетісай ауданында мұғалімдердің тамыз және қыркүйек айларындағы жалақылары беріле бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше кешкі 21:00-ден бастап тиісті сала қызметкерлері жалақы қаржысын банкке аудару жұмыстарын жалғастыруда.
Нәтижесінде жалпы сомасы 1 млрд 50 млн теңгені құрайтын ұстаздардың жалақылары жеке есепшоттарына аударыла бастады. Жетісай аудан әкімдігі жалақының кешіктірілгеніне кешірім сұрай отырып, алдағы уақытта уақытылы аударым жүргізілетінін хабарлайды.