​ОҚО да ер адам әйелін сабап өлтірді

0
3 241

Оқиға 11 мамырда болған. Күндізгі 11-00 шамасында ​41 жастағы Виталий азаматтық некедегі әйеліне қонаққа келген. 37 жастағы Оксана спирттік ішімдік ішіп, көңіл көтерген.


​ОҚО да ер адам әйелін сабап өлтірді

ERNUR.KZ. ОҚО, Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылының тұрғыны азаматтық әйелін өлесі етіп сабап тастаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оқиға 11 мамырда болған. Күндізгі 11-00 шамасында 41 жастағы Виталий азаматтық некедегі әйеліне қонаққа келген. 37 жастағы Оксана спирттік ішімдік ішіп, көңіл көтерген. Сағат 15.30 шамасында масайып алған әйел спирттік ішімдік іздеп көшеге шығады. Тыныш жүрмей, көшедегі көршілерімен сөзге келіп қалған. Көшедегілермен керісіп қалған Оксана күйеуіне шағым айта келген. Алкоголь ішіп, қызып алған ер азамат жүгіріп шығып, көршілерді балағаттап, керісіп қалады. Үйге кіргеннен соң да ашуы тарқамаған ол алдынан шыққан Оксананы өлімші етіп сабап тастайды.

Қаны қарайып алған ол құлап жатқан әйелді тағы да соққының астына алған. Дене жарақаттарынан әйел сол жерде ақ жантәсілім еткен.

"ОҚО,Түлкібас аудандық соты 41 жастағы Виталийді 2 ай қамауға алу туралы санкциялық шешім шығарды. Қасақана кісі өліміне күдікті бұрын бірнеше рет сотты болған"-деп мәлімдеді Түлкібас аудандық сотының судьясы Болатбек Төребай.