Ордабасы ауданы инвестиция тартудан облыс көлемінде 5 орында тұр.
Иллюстрациялық фото: ашық дерекккөзден
Түркістан облысы Ордабасы ауданында 2018 жылдың қаңтар - қазан айларында тартылған инвестиция көлемі 10 млрд. 329 млн. 900 мың теңгеге жетіп, 2017 жылмен салыстырғанда 113,6 пайызды құрады. Аудан аталған көрсеткішпен облыс көлемінде 5 орында тұр, деп хабарлайды ERNUR.kz тілшісі.
Ауданда 60 инвестициялық жобаға 3 млрд 093 млн. 431 мың теңге қаралған. Қарастырылған қаражат аудандағы 10 мектептің құрылысына, 2 елді мекеннің (Боралдай және Арыстанды) су өткізгіштер тораптарының құрылысына жұмсалған.
Сондай-ақ, 3 елді мекенді газбен қамтамасыз ету ішкі жүйелерімен жеткізуші желілерінің құрылысы, Теспе, Ықыластемір елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы, 39 нысанға ЖСҚ жасату, Темірлан ПМК аумағындағы электр желілерінің құрылысы және Шұбарсу ауыл округін электр желілерімен қамтамасыз ету құрылысы, Самал 2,3 мөлтек аудандарының инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы, Бадам ауыл округі Ордабасы тарихи-мәдени қорық алаңын абаттандыру нысанының құрылысы және Бадам ауыл округінен 2 қабатты 12 пәтерлі 1 тұрғын үй құрылысы мен Темірлан елді мекенінен 2 қабатты 12 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысына жұмсалған.
Дереккөз: Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі