Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктілердің автокөлік ұрлығының 4 дерегіне қатысты барын анықтады. Олардың тағы басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілунде.
фото иллюстрациялық
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында автокөліктерді ұрлаумен айналысып келген үш жас жігіт ұсталды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктілердің автокөлік ұрлығының 4 дерегіне қатысты барын анықтады. Олардың тағы басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілунде.
Барымташылар көліктердің бірін 31 наурызында айдап әкеткен болса, сәуір айында Сайрамдық үш тұрғынды сан соқтырып кеткен.
Полицейлер анықтағандай, күдіктілер қылмыстық әрекеттерін түнгі уақыттарда іске асырған. Жеке үйлердің ауласында және көше бойында тұрған қараусыз автокөліктерді ұрлап, қала сыртына айдап әкетіп, доңғалақтары мен аккумуляторларын шешіп алып, сату орындарына өткізіп жүрген.