«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы: баға бақылауда болады

0
2 552

ERNUR.KZ. «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы​ азық-түлік қорын биыл сиыр еті және ет өнімдері толықтырды. Бұл тауарлар облыс көлеміндегі 13 сауда орталықтары мен базарларда сатылуда.


«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы: баға бақылауда болады

ERNUR.KZ. «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлік қорын биыл сиыр еті және ет өнімдері толықтырды. Бұл тауарлар облыс көлеміндегі 13 сауда орталықтары мен базарларда сатылуда.

Қала базарларында «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен келісімге тұрған кәсіпкерлер картоп, пияз, сәбіз, ұн өнімдерін, шекерді бекітілген бағамен сатуда. Мәселен, картоп — 85 теңге, пияз — 50, шекер - 170, сиыр еті – 1390 теңгеден сатыла бастады.


Қаладағы кейбір сауда нүктелері айлық көбейді, бензин қымбаттады деген сыбысты ести сала бағаны шарықтатып жіберетіні бар. Тұрақтандыру қоры тиісті халық көп тұтынатын өнімдерді жеткілікті көлемде дайындап, бағаның өзгермеуіне ықпал етуде.

- Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығынан тұрақтандыру қоры 4 мың шаршы метрлік қойманы жалға алып, 2,5 мың тоннаға жуық азық-түлік тауарларын сақтап отыр. Барлық талапқа жауап беретін орталықта тауарларымызды ұзақ сақтауға мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде біз осында сақталған картоптарды 85 теңгеден, сәбізді 80 теңгеден, ал пиязды 50 теңгеден сатылымға шығарудамыз», - деді кәсіпкерлік корпорациясының бөлім басшысы Жандос Тинбаев.

Айта кетейік, көлік-логистикалық орталығындағы барлық тауарлар диқандардан биржа арқылы сатып алынады. Екіжақты жасалған шарт бойынша сатушылар тауарларын өзінде сақтап, кейіннен сұранысқа сай осы қоймаға жеткізіп беріп отырады. Ал әлеуметтік маңызы бар бұл азық-түлік қоры баға шарықтап кеткен жағдайда оны қайта қалыпқа келтіруге сеп болмақ.