​Шымкент әкімдігі тағы да байқау жариялайды

0
3 313

Шымкент қаласының әкімдігі 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай фото-challenge жариялайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Шымкент әкімдігі тағы да байқау жариялайды

Шымкент қаласының әкімдігі 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай фото-challenge жариялайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі ресми парақшада халықтар бірлігі мен ынтымақтастығына шақыратын байқаудың басталғаны туралы жазба жарияланды. Байқау ережесі бойынша, кез келген ұлт өкілі келесі бір ұлт өкілімен (дос, таныс, туыс, көрші) ұлттық нақыштағы киімде суретке түсіп, оны #AshyqEL/#АшыкЕл хэштегімен жариялауы тиіс. Сонымен қатар, @akimat.shymkent-ті белгілеуді ұмытпаңыз. Ең танымал фотолардың иесі 10 мың теңге сыйақымен марапатталады.

akimat.shymkentДостар!
Ең жарқын мерекенің бірі жақындап қалды - Қазақстан халқының бірлігі күні.
Біз #AshyqEL / #АшықЕл деген фото challenge бастаймыз! Қане, Қазақстан халқы - бірлігі мен достығы жарасқан ел екенін көрсетейік. Досыңызбен /таныс, туысқан, көрші/ кез келген өзге ұлт өкілімен суретке түсіп немесе өзге ұлттың ұлттық киімін киіп селфи жасаңыз да өзіңіздің парақшаңызға#AshyqEL/#АшықЕл хештегімен салыңыз. @akimat.shymkent белгілеңіз. Ең танымал болған 3 суретке 10 000 теңге көлемінде ақшалай сый бар. Сhallenge-ге достарың мен таныстарыңды шақыруды ұмытпа.
ҰЛТТАР ДОСТАСТЫҒЫН қолдайтыныңды көрсет! Осының астына достарыңды белгілеп, ақпаратпен бөліс.
#AshyqEl #АшықЕл #1маяШымкент
#1мамырШымқала
#1ыңғайЕл делінген инстаграм желісіндегі ресми парақшада.