Шымкенттің 23 көшесіне жарықшамдар орнатылады

0
1 502

ERNUR.KZ 2018 жылы көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасады. Жақын уақытта Шымкенттің 23 көшесіне жарықтандыру жүйесі орнатылады. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі халық алдындағы есеп беру кездесуінде баяндады.


Шымкенттің 23 көшесіне жарықшамдар орнатылады

ERNUR.KZ. 2018 жылы көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасады. Жақын уақытта Шымкенттің 23 көшесіне жарықтандыру жүйесі орнатылады. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі халық алдындағы есеп беру кездесуінде баяндады.

Төрт көшеде қайта құру жұмыстары жүргізіліп, шет аймақтардағы 43 көшеге жарықшам орнатуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Қалаға қарайтын елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету деңгейі 96 пайызға жетеді.
2017 жылы бес шағынауданда ауызсу тарту жұмысы басталып, олардың үшеуінің жұмысы аяқталды. Нәтижесінде 3300 абонент сапалы ауызсуға қол жеткізді.
2018 жылы Алтынтөбе, Сайрам елді мекендеріндегі ішкі су жүйелерінің және Достық шағынауданынан Темірлан тас жолына дейінгі магистралды ауыз су құбырының құрылысын жүргізіп, бұл көрсеткішті 96 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда, қала тұрғындарының 93 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.