«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Үш күн ішінде Арыс қаласында 152 құқықбұзушылық анықталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат – көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды ашу және жолын кесу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтау. Бұл іс-шараға облыс көлеміндегі барлық жергілікті полиция қызметкерлерінің полицейлері жұмылдырылған.
Мәселен, аталған рейдтік іс-шара аясына Арыс АПБ-ның жеке құрамы 152 құқықбұзушылықты анықтаған. Яғни, тәртіп сақшылары сәуір айының 27-29 аралығында аудандағы қоғамдық қауіпсіздік сақтау ісі бойынша жан-жақты жұмыстарды жүргізген. Республикалық маңызы бар жолдардағы ауыр жүк көліктері мен жеңіл көліктерді, қала, аудан ішіндегі және шетел автокөліктерін бақылап, қадағалаған. Карантин талаптары бойынша сауда орындары, ойынханалар, қоғамдық орындар, адамдар көп шоғырланатын жерлер мен нысандарды мұқият тексеруден өткізген.
Іс-шара өткен үш күн ішінде жалпы құқықтық тәртіпті бұзған 152 азаматқа ҚР ӘҚБтК бойынша хаттамалар толтырылды. Олардың ішіндеқоғамдық орындарда ішімдік ішкен тұрғындар мен автокөлікті мас халде жүргізген, қарама қарсы бағытқа шығып кеткен жүргізушілер бар. Жол ережесін өрескел бұзғандар да жоқ емес.