Күдікті жалдап келген көлігінің жүргізушісінен көмек сұрап, екеулеп алып кеткен.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Арыс қаласының жергілікті тұрғынының ешкім тұрмайтын, бірақ апта сайын барып, көріп тұратын екінші үйінің қақпасын белгісіз біреулер ұрлап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
Орын алған ұрлық дерегін ізін суытпай ашу мақсатында аудандық полицейлерден арнайы топ құрылып, жедел-іздестіру шаралары іске асты. Жақын аралықтағы темір алып-сататын орындарда тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде темір сатып алатын орындардің бірінен жоғалған қақпа табылып, оның бұл жерге қалай келгені анықталды.
Анықталғандай күдікті, жәбірленуші әйелдің үйінде ешкім тұмайтынын біліп, «үйімнен қақпаны алып қайтайық деп, өтірік айтып» көлік жалдап, көлік жүргізушісінен көмек сұрап, екеулеп алып кеткен болып шықты.
Сатып алушының айтуы бойынша, күдіктінің жеке басы анықталып, мекен-жайы белгілі болды. Осылайша, полицейлердің қырағылығының арқасында 2 күн ішінде жергілікті тұрғын яғни күдікті өз үйінде ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындап, айғақты зат ретінде қақпа алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда қажетті құжаттар жинақталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.