Облыстық балалар ауруханасы өңірдегі көпбейінді әрі ірі аурухана.
Түркістан облыстық балалар ауруханасының ұжымы Республика күні қарсаңында құрметке бөленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Түркістан облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Алтын Мейрамбаеваға “Беделді балалар ауруханасы” мәртебесі сыйлығымен марапаттап, аурухана ұжымының жұмысын ерекше бағалап өтті.
Айта кетейік, Облыстық балалар ауруханасы өңірдегі көпбейінді әрі ірі аурухана. Аудандардан жіберілген пациенттерге шұғыл және жоспарлы түрде медициналық қызметтерін ұсынады. Педиатрия және балалар хирургиясы бойынша мамандандырылған стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің барлық бейіндерін қамтиды және кардиохирургиясы бағыты бойынша жоғары мамандандырылған қызметтер көрсетіледі.