ТҮРКІСТАН: Дарынды балалар форумда бас қосты

0
645

Жеңімпаздар марапатқа ие болды.


ТҮРКІСТАН: Дарынды балалар форумда бас қосты

Қазығұрт ауданында ХI «Үміт» дарынды балалар форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар жылына» орай ХI «Үміт» дарынды балалар форумы ұйымдастырылып, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және спорттық сайыстардың жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті.


Салтанатты іс-шараға Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев, мәслихат хатшысы Өрісбай Көпеев, аудандық білім саласы қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құрбанов, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Ж.Маханбетов, тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Ә.Биболова, Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Үйсімбаев, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Мұсақұлов қатысты. Олар дарынды балаларды құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.


Биыл бұл форумға барлық білім беру ұйымдарынан 130-ға жуық оқушы қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан еліміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізіп жүрген олимпиада жүлдегерлері мен оларды спортқа баулыған жаттықтырушыларға және пән мұғалімдеріне алғыс айтылды.