ТҮРКІСТАН: Көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары бақылауда

0
2 232

Су деңгейі 25-30 сантиметрге дейін көтерілген.


ТҮРКІСТАН: Көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары бақылауда

Түркістан облысында нөсерлі жауын-шашын әсерінен су деңгейі көтерілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында нөсерлі жауын-шашын әсерінен бір тәулікте Боралдай, Арыс, Бөген өзендерінде су деңгейі 25-30 сантиметрге дейін көтерілген. Дегенмен, елді мекендерде су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, департамент қызметкерлері құзырлы мекемелердің мамандарымен таулы аумақтардағы қар қорының жағдайына аэровизуалды бағалау жұмыстарын жүргізген. Мамандар қар мөлшері аз болуына байланысты су тасқынына қауіп жоқтығын айтады.

«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратына сәйкес, Түркістан облысы аумағында осы аптада жауын-шашынды ауа райы сақталатын болады. Келесі айдағы болжам 2 сәуірден бастап қосымша ұсынылады. Негізінен облыс аумағында 39 гидробекет орналасқан. Егер де табиғи апат орын алып, эвакуацияның басталуы туралы сигнал алған кезде азаматтар тиісті құжаттарды, дәрі-дәрмектер мен маусым бойынша киім-кешек алуға дайын болған жөн», - деді Ерік Темірханұлы.

Облыстағы су тасу қаупі бар өзендер мен су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргізілуі төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Бүгінгі таңда аймақтағы су қоймалардағы судың жиналуы 60-65 пайызды құраған.