ТҮРКІСТАН: Мәдениет және спорт саласындағы мәселелер көтерілді

0
123

Жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеліп, тапсырмалар бойынша хаттама толтырылды.


ТҮРКІСТАН: Мәдениет және спорт саласындағы мәселелер көтерілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеке қабылдау кестесіне сәйкес өңір тұрғындарын өтініштері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Онда бірқатар аудан тұрғындары көкейдегі сауалдарын қойды. Облыс әкімінің орынбасары мәселесін айтып келген тұрғындарға нақты жауап беріп, жауапты басқарма өкілдерінің қатысуымен талқылады.


Жеке қабылдауда көтерілген талап-тілектердің басым бөлігі мәдениет пен спорт саласына қатысты болды. Атап айтсақ, театр ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, спорт кешенін салу, сондай-ақ спорт кешені бойынша жекешелік-әріптестік шартын ұзарту және тағы басқа әлеуметтік мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.


Азаматтардың мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған Ертай Кенжебекұлы заңға сәйкес зерделеніп, тиісті жұмыс жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеліп, тапсырмалар бойынша хаттама толтырылды.


Еске сала кетейік, жеке қабылдауға «eOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Бөлісу