ТҮРКІСТАН: Мақтааралда құқық қорғау органы өкілдері жастармен кездесті

0
1 831

Мақтаарал ауданындағы “Жас алаш” жалпы орта мектебінде өткен жиында жастардың құқықтары мен мүмкіндіктері кеңінен сөз болды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда құқық қорғау органы өкілдері жастармен кездесті

Жастар арасында қылмыстың алдын алу, оларды болдырмау, сондай-ақ, елдің ертеңгі тұтқасын ұстар азаматтарының ой-пікірлерін тыңдау мақсатында Мақтаарал аудандық сотының төрағасы мен Ішкі Істер Бөлімі басшысы аудан белсенділерімен, ата-аналармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

“Жас алаш” жалпы орта мектебінде өткен жиында жастардың құқықтары мен мүмкіндіктері кеңінен сөз болды. Елбасы тапсырмаларына сәйкес өңірлерде атқарылып жатқан бағдарламалардың қай саласы болмасын жастар мейілінше мол қамтылған. Кәсіпкерлік, білім және денсаулық сақтау салаларында жемісті еңбек етіп келе жатқан аудан жастары мен “Жас алаш” жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары, олардың ата-аналары аудандағы құзырлы орган басшыларымен кездесті. Басқосуда қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелер жайында, соның ішінде жастар арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік, ұрлық, әлімжеттік сынды тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбіп, сұрақ-жауап түрінде еркін пікір алмасты.
Аудандық сот төрағасы жиында еліміздегі қолданыстағы заң талаптарымен, керағар діни ағымдарға қарсы күрестердің барысымен, салауатты өмір салты мәселелерімен кеңінен таныстырды.