ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық кәсіпкерлер Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайтпақ

0
1 373

Аталмыш шараны ұйымдастыруда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалы мен Мақтаарал аудандық кәсіпкерлік бөлімі ұйытқы болды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық кәсіпкерлер Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайтпақ

Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері Өзбекстанның Жызақ облысында болып, тәжірибе алмасып қайтты деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ағымдағы жылдың 14-15 маусым күндері Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері Өзбекстан Республикасының Жызақ облысында екі күндік іс-сапармен болып қайтты. Көршілес екі ел кәсіпкерлері арасындағы әріптестік серіктестікті нығайту, өзара тәжірибе алмасу, кәсіпкерлікті дамыту және ауданға инвесторларды тарту мақсатында ұйымдастырылған шараға ауданнан 11 кәсіпкер қатысып қайтты. Қонақтарды ел шекарасынан күтіп алған Жызақ облысының әкімі Эргаш Салиев қазақстандықтардың бүгінгі жеткен жетістіктеріне жоғары баға беріп, екі ел арасындағы татулықтың мемлекет басшыларының ынтымақтастығының арқасында нығая беретіндігін айтты.
Ынтымақтастық-әріптестік аясында мақтааралдық кәсіпкерлер «Tashabbus 2019» Жызақ облыстық тауар өндірушілер форумына қатысып, "Тоштепа Текстиль ", "Roison" және "Zomin Brewery" сынды ірі кәсіпорындар мен бірқатар шағын цехтардың жұмыстарымен танысты.
Екі күндік іс-сапар нәтижесінде мақтааралдық кәсіпкерлер ауданнан мақта шикізатын терең өңдеп, дайын өнім шығаратын, тері өңдеу және таза былғарыдан мәсі шығаратын шағын кәсіпорындар ашу, ұннан жасалатын түрлі тәттілерді шығаратын кондитерлік цехтар мен шаштараз, сән салоны мен мейрамхана бизнестерін дамыту сынды екі жақты келіссөздерге қол жеткізіп қайтты.
Бұл бағытта алдағы күндері алашапанды ағайындар Мақтаарал ауданына келіп, жергілікті жағдаймен танысатын болады.