ТҮРКІСТАН: Мәслихат сессиясында өңірді дамытуға бағытталған мәселелер қаралды

0
396

Сессияны облыс әкімі Дархан Сатыбалды қорытындылап, өңірді дамыту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасатынын жеткізді.


ТҮРКІСТАН: Мәслихат сессиясында өңірді дамытуға бағытталған мәселелер қаралды

Түркістан облыстық мәслихат сессиясында өңір экономикасын дамытуға бағытталған мәселелер қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов қатысты.


Сессияда Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №7/85-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы; «Түркістан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережесін бекіту туралы» 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/476-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелері қаралып, тиісті шешім қабылданды.


Сессияны облыс әкімі Дархан Сатыбалды қорытындылап, өңірді дамыту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасатынын жеткізді.


«Алдымен баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Мемлекетіміз қуатты, әр күніміз шуақты болсын! Бүгінгі сессияда көтерілген маңызды мәселелер талқыланып, олар бойынша шешімдер қабылданды. Сессия барысында қаралған мәселелерге бірауыздан қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Мемлекет тарапынан Түркістан облысын дамытуға үлкен қолдау көрсетілуде. Жуырда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Аймақты дамыту, инвестиция тарту, өндіріс орындарын көбейту бағытындағы бастамаларға оң бағасын берді. Біздің басым бағытымыз – өндіріс орындарын, зауыттар, жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта сіздермен бірлесіп жұмыс істейміз деген сенімдемін», – деді Дархан Сатыбалды.

Бөлісу