Облыс аумағында коронавирус инфекциясына шалдыққан 16 адам тіркелді.
Елімізде коронавирустың екінші толқыны басталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Елімізде коронавирустың екінші толқыны басталғаны белгілі. Түркістан облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша қалыпты деген «жасыл» аймақта тұр. Қауіпті инфекцияның таралуы өршіген жағдайда өңірдегі емдеу мекемелеріндегі инфекциялық төсек-орындар санын 6 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Жалпы, облыс бойынша бүгінгі таңда мыңға жуық инфекциялық және карантиндік төсек-орын дайын.
Соңғы бір тәулік ішінде облыс аумағында коронавирус инфекциясына шалдыққан 16 адам тіркелді. Өсу тәулігіне 0,42% құрайды. Жалпы Түркістан облысында 113 емделуші, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби, Созақ, Түлкібас, Жетісай аудандарының тұрғындары ем қабылдап жатыр. Ауыр жағдайда жатқан науқастар жоқ. Басым бөлігі COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Елдегі пандемия басталғалы өңірде 3816 жағдай тіркеліп отыр. Оның ішінде 2372 симптомсыз жағдай, 1642-сі стационарлық.