Түркістан облысында 11 медициналық пункт пайдалануға берілді

0
1 232

1300-ден аса халық тұратын Бесауыл елді мекенінде пайдалануға берілген медициналық пункт қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған.


Түркістан облысында 11 медициналық пункт пайдалануға берілді

Түркістан облысының Келес ауданында биыл 11 медициналық пункт ашылып, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Медициналық тіректердің төртеуі Қошқар ата ауылдық округіндегі елді мекендерде бой көтерсе, Біртілек пен Ақтөбе ауылдық округтерінде де төрт нысан салынған. Қалғандары Бірлік, Бозой және Жүзімдік ауылдарына тиесілі. Бұл медициналық бекеттердің барлығы облыс әкімінің қолдауымен арнайы инвесторлардың қаржысына салынған.

Мәселен, 1300-ден аса халық тұратын Бесауыл елді мекенінде пайдалануға берілген медициналық пункт қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Бұнда жүкті әйелдерді есепке алу, балаларға медициналық көмек көрсету және заманауи егу бөлмелері бар. Ал Жамбыл елді мекенінде ашылған медициналық тіректі түрік компаниясы неміс технологиясымен салып берген. Жобалық құны – 30 млн теңге.

Сәуле Құтышева, аға дәрігер:

- Бізге ең тиімді жері осы елді мекенде 950 халық бар. Сол халыққа медициналық көмектің жақсы әрі сапалы болуы үшін оы жерде фельдшер және акушерлер жұмыс істейді. Бұрын бізде фельдшер ғана отыратын. Сол үшін акушер бөлмесі ашылып, туу жасындағы әйелдер үшін барлық жағдайлар жасалып отыр.