Түркістан облысында ауылшаруашылығы дақылдарының көлемі ұлғаяды

0
658

Жер жырту жұмыстары 100 пайызға орындалды.


Түркістан облысында ауылшаруашылығы дақылдарының көлемі ұлғаяды

Түркістан облысында әртараптандыру әдісімен ауыл шаруашылығы дақылдарын 24 500 гектарға жеткізу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысында әртараптандыру әдісімен ауыл шаруашылығы дақылдарын 24 500 гектарға жеткізу немесе өткен жылғы егіспен салыстырғанда 300 гектар артық орналастыру жоспарланған. Бүгінгі күнге жер жырту жұмыстары 100 пайызға орындалып отыр.


Көбіне көкөніс, дәндік жүгері мен мал азығы егілді. Нақты атап өтсек, бидай – 1784 гектарға, дәндік жүгері – 3750 гектарға, бұршақты астық – 439 гектар, көкөніс – 10254 гектар, көкөніс – 10254 гектар, техникалық дақыл – 243 гектар, бақша – 2266 гектар, картоп – 2102 гектар, мал азығы – 3662 гектарға аумаққа егілген.