Түркістан облысында істен шыққан автобустағы жолаушылар құтқарылды

0
1 218


Түркістан облысында істен шыққан автобустағы жолаушылар құтқарылды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында жол ортасында тоқтап тұрған автобус жолаушылары құтқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов: «18 қаңтар күні сағат 02:55-те жедел кезекшілердің басқару пультіне Түлкібас ауданы Келтемашат ауылы тұсында «Алматы-Ташкент-Термез» жолында жолаушылар автобусының тоқтап қалғаны туралы ақпарат түсті. Шымкент-Астана бағытына бет алған «Neoplan» маркалы автобусы техникалық ақаудан жол ортасында қалған, көлікте 47 жолаушы болған», - деп хабарлады.

Облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері 12 жолаушыны (1 Өзбекстан азаматы, екеуі - бала) Келтемашат ауылына эвакуациялаған. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеген, ал қалған 35 жолаушы автобуста қалуды ұйғарыпты. Келесі автобус жеткенше оларды Өрт сөндіру қызметінің «Урал-Вахта» машинасына жайғастырған.

дереккөз:ҚазАқпарат