Түркістан облысында өнім көлемі жыл сайын артып келеді

0
2 386

Ауыл шаруашылығы саласына 1 млрд 944,6 млн.теңгенің инвестициясы тартылған.


Түркістан облысында өнім көлемі жыл сайын артып келеді

Шардара ауданының ауыл шаруашылығы саласында өсім бар, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаруалардың тындырымды еңбегінің арқасында Шардара ауданында өткен жылы 33 млрд 881,3 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. Ауыл шаруашылығы саласына 1 млрд 944,6 млн.теңгенің инвестициясы тартылып, өткен жылмен салыстырғанда аталған салаға тартылған инвестиция көлемі 176,7%-ға артқан.

Ауданда күзгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада бөлінген 610 тонна жанар-жағармай тасымалданған. Сонымен қатар, 10 200 тонна селитра, 950 тонна аммофос, 650 тонна сульфат аммоний, 120 тонна карбамид тасымалданып, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне жеңілдетілген субсидиялық қолдаумен берілген.

2020 жылдың есепті мерзімінде мал санында айтарлықтар өсім бар. Атап айтқанда, ірі қара мал саны 47 554 басқа, қой және ешкі 189 751 басқа, жылқы 11 719 басқа, түйе 2 518 басқа, құстар 41 820 басқа өскен.

Жыл қорытындысымен мал мен құстың барлық түрлерінен 5 658,7 тонна ет, 17 934,7 тонна сүт, 2 435,5 мың дана жұмыртқа алынды. Ауыл шаруашылығы өнімін арттыру мақсатында бір алқаптан 2-3 өнім алу жұмыстары да қарқынды жүргізілген.