Түркістан облысында тұрақтандыру қорына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

0
1 285

Биыл Түркістан облысында азық-түлік бағасы қымбаттамайды


Түркістан облысында тұрақтандыру қорына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

ERNUR.KZ. Биыл Түркістан облысында тұрақтандыру қорына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған арзандатылған бағамен 19 түрлі азық-түлік өнімдері сатып алынған, деп жазады 24.kz.

Мамандардың айтуынша, биыл облыста азық-түлік бағасы қымбаттамайды. Өйткені, қажетті тауардың барлығы жеткілікті дейді.

Күні кеше Түркістан облысының Сарыағаш ауданында күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Саудаға қой еті, сүт өнімдері, тары-жарма, құс, балық, көкөністер мен т.б. өнімдер шығарылып, арзандатылған бағамен сатылды. Шара аясында жыл қорытындысы бойынша үздік көрсеткіштерге жеткен әр түрлі шаруашылықтар мен мен еңбекқор диқандар марапатталды.

Танабай Шынтасов, шаруашылық басшысы: "Бізде 50-ге жуық адам жұмыс істейді. Жылына 1 млн жуық көшет өндіреміз. Біздің мақсатымыз оның санын көбейту емес, сапасын да жақсарту.Жүз гектарға жуық көшен аумағы бар. Оның ішінде аналық баулар, жүзім баулар бар. Биыл Түркістан облысының 16 аудан-қалаларының барлығында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 35 жәрмеңкесі өткізілді. Осы шаралардың аясында 332 млн теңгенің 2208 тонна өнімі нарықтағы бағадан 15-20 пайызға дейін төмен сатылды. Сондай-ақ биыл Астананың 20 жылдығына орай Түркістан облысы тауар өндірушілерінің 4 рет жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 90-ға жуық тауар өндірушілер қатысып, құны 826 млн теңге болатын 1753 тонна өнім саудаланған."

Нұржігіт Мырзахметов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: "Түркістан облысы биыл 2,7 млн жеміс-жидек жинап, ректордтық көрсеткішке қол жеткізді. Оның 500 мың тоннасын Ресей, Беларусь, Литва, Германия мемлекеттеріне экспортталса, 1 млн тоннасы еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді. Ет экспорты 4,6 тоннаға жетіп, республикадағы үлес 52 пайызды құрады. Түркістан облысында биыл тұрақтандыру қорына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған барлығы 19 түрлі азық-түлік өнімдері сатып алынған. Мәселен, 4,5 мың тонна картоп, 1200 тонна пияз, 1 мың тонна сәбіз қоры бар. Мамандардың айтуынша, өңір халқына қажетті азық-түліктің барлығы жеткілікті. Сондықтан биыл облыста азық-түлік бағасы қымбаттамайды."

Маратбек Мырзамұратов, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация төрағасының орынбасары: " Қазіргі таңда мың тонна ұн, мың тонна шекер, 70 тонна күріш, 50 тонна күнбағыс майын сатып алып жатырмыз. Одан бөлек 190 тонна ет өнімі бар, тауық еті бар, осыларды сатып алуды жоспарлап отырмыз. Осындай көлеммен біз Шымкент қаласын қамтамасыз етіп келдік, Түркістан қаласы халқының саны әлде қайда аз, сондықтан біз алған тауарлар жеткілікті деп сенеміз."

Дәл қазіргі уақытта өңірдегі қоймаларға мыңдаған тонна азық-түлік түрлері жеткізілген. Осы аптадан бастап, Түркістан қаласында 4 жерде тұрақтандыру қорының тауарлары арзандытылған бағамен сатылып жатыр. Сонымен қатар, қор басшылары шаһардағы ірі сауда орындарының иелерімен де келісім шарт жасасқан. Енді қажетті азық-түлік өнімдері әлеуметтік дүкендерде де сатылымға шығарылады.