Екі рет өнім алатын шаруашылықтың көлемін 505 гектарға ұлғайту көзделуде.
Ордабасы ауданында 4 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылық өнімі өндірілген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Ордабасы ауданында екі айда ауыл шаруашылық саласында 4 млрд 797 млн 600 мың теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 3 млрд 837 млн 800 мың теңге, өсімдік шаруашылығының өндірісі 938 млн 800 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, өндірілген 3706,3 тонна еттің 1810,8 тоннасы ауыл шаруашылық кәсіпорындарға тиесілі. Ал, қалған өндіріс үлесі кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының, жеке азаматтардың еншісінде. Жалпы биыл ауданда 65774 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. Егін шаруашылығының өнімділігін арттыру мақсатында аудан көлемінде бір жерден екі рет өнім алатын 257 шаруашылықтың тізімі жасақталып, көлемін 505 гектарға ұлғайту көзделуде.