Мерекелік шара барысында көпшілікке ауылшаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдары таныстырылды.
Ордабасыда «Ауылым алтын бесігім» атты өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Бөржар ауылында «Ауылым алтын бесігім» атты өнер фестивалі өтті. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтарға Алғыс хат табыстады. Мерекелік шара барысында көпшілікке ауылшаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдары таныстырылды. Сондай-ақ, түрлі спорттық ойындардан сайыс өтіп, шара мерекелік концертке ұласты.
Фестиваль барысында Бөржар ауылының ардагерлері аудан орталығындағы Темірлан монументі мен «Этноауыл», Шәмші Қалдаяқов атындағы аллеяны аралады. Одан бөлек, «Темірлан» спорт кешені мен Самал-3 мөлтек ауданындағы коммуналдық тұрғын-үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты.