Тауар сатып алуға және кіші кәсіпкерлікті бастауға бағытталған.
Ордабасы ауданының кәсіпкерлерімен тартылған инвестиция көлемі 2,3 есеге артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Ордабасы ауданының кәсіпкерлерімен өз кәсібін дамытуға және қаражат айналымын ұлғайтуға шағын несие ұйымдары арқылы 5857 адам 7 млрд. 358, 5 млн. теңге несие алынған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге немесе 4 млрд. 280,5 млн. теңгеге артық.
Атап айтсақ, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС арқылы 98 адамға 503, 8 млн.тг, «КазМикроФинанс» (КМФ) Темірлан арқылы 3533 адамға 2 012, 9 млн. тг, «КазМикроФинанс» (КМФ) Төрткүл арқылы 1844 адамға 1 329, 2 млн. тг, «Арнур кередит» несие ұйымы арқылы 298 адамға 689,0 млн.тг, «АгроНесие Ордабасы» ЖШС – гі арқылы 24 адамға 117,0 млн.тг, «Төрткүл несие» ШНҰ арқылы 17 адамға184,0 млн.тг, «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 32 адамға 148, 1 млн. тг несие беріліп, "Аграрлық кредиттік корпорациясы" АҚ арқылы 11 жобаға 2374, 1 млн. тг. несие мақұлданған.
Тартылған несие көктемгі дала жұмыстарына, егін егуге, мал шаруашылығын дамытуға, жылыжай құрылысына, сауда айналымына, ауыл шаруашылық техникаларын, тұтыну тауарларын сатып алуға және кіші кәсіпкерлік кәсібін жаңадан бастауға бағытталған.