ТҮРКІСТАН: Ордабасылық тұрғындар «Денсаулық жолы-2019» акциясына қатысты

0
1 079

Қараспан ауылының тұрғындарын «Қараспан дәрігерлік амбулаториясында» қабылдады.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық тұрғындар «Денсаулық жолы-2019» акциясына қатысты

Ордабасылық тұрғындар «Денсаулық жолы-2019» акциясын пайдаланып өз денсалықтарының жағдайын білуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылындағы «Қараспан дәрігерлік амбулаториясында» «Денсаулық жолы-2019» акциясы өтті.

Шараның мақсаты - обылыс орталығынан шалғай жатқан елді мекен тұрғындарына толықтай медициналық тексеруден өтуіне мүмкіндік беру, бейінді мамандардың кеңесін алуды, аурулардың алдын алу және халықтың ақпараттылығы мен өз денсаулықтарына жауапкершіліктерін жоғарылату болып табылады.

Шара барысында медицина қызметкерлері аулы тұрғындарына дененің артық салмағының денсаулыққа зияны және дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, жұқпалы емес аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтының негіздеріне үйрету жолымен денсаулықты күту мен нығайту, құрамдарында көп мөлшерде тұз, қант, майлары (қаныққан майлар трансмайлар) бар тамақ өнімдерін пайдалануды шектеу немесе бас тарту туралы ақпаратты жан-жақты түсіндіріп, келген азаматтардың денсаулықтарына қатысты шағымдарын тыңдап, емдеу шараларын жүргізді.