Өңір полицейлерімен атқарылған жұмыстар бойынша бейнеролик көрсетілді.
Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысында айтқан идеологиялық жұмыстың негізгі бағыттары бойынша маңызды басқосу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу үшін ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев арнайы келді. Ол өз сөзінде:«Тарихи сананы жаңғырту, мәдени мұраны насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу-басты мәселе. Сондықтан барлығымыз идеялогиялық шараларды, ұлттық құндылықтарды насихаттауға жұмыс істеуіміз тиіс. Мемлекет үшін маңдай терін төгіп, қалтқысыз қызмет етіп жүрген баршаңызға Президентіміздің алғысын жеткіземін!»-деп атап өтті.
Іс-шараға департамент бастығының бірінші орынбасары Құрманбек Сахов төрағалық етті. Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан мен полиция қызметкерлері қатысқан жиында патриоттық, әділеттік пен сабақтастық тақырыбында пікір алмасу орын алды.
Сондай-ақ Түркістан облысы ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев баяндама жасады. Ардагер киелі мекен тәртіп сақшыларының жұмысы жолға қойылғанына сенім білдірді. Оған қоса ағымдағы жылы өңір полицейлерімен атқарылған жұмыстар бойынша бейнеролик көрсетілді.