Мектеп-интернат 400 оқушыға лайықталған.
Сауран ауданында мектеп-интернат ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сауран ауданының Жүйнек ауылында «Заңғар М» мектеп интернатының ашылу салтанаты өтті. Құны 280 млн теңге тұратын мектеп-интернат жеке кәсіпкер Ержан Мұстафаевтың өз қаржысы есебінен салынған.
Бұл мектеп-интернат 400 оқушыға лайықталған. Онда 70 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделген.
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Ғани Рысбеков қатысты. Аудан басшысы жергілікті тұрғындарды құттықтап, жаңа нысанның лентасын қиды.