​«Түркістан-Ташкент» бағытында Халықаралық автобус жолға шықты

0
2 204

«Алтын Орда» автобекетіндеқос қаланың алтын көпіріне айналар бағыттың салтанатты түрде ашылуы өтіп, лентасы қиылды.


​«Түркістан-Ташкент» бағытында Халықаралық автобус жолға шықты

Облыс орталығы Түркістан қаласынан «Түркістан-Ташкент» бағытындағыалғашқы халықаралық автобусы жолға шықты, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Халықаралық автобус бағытының ашылуы үшін облыс әкімдігі тарапынан ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне ұсыныс білдіріліп, екі қаланың сауда-экономикалық, туристік қатынасын нығайту мақсатында мақұлданған. Бүгін,яғни 10 желтоқсан күні аталмыш автобекеттен қос қаланың алтын көпіріне айналар бағыттың салтанатты ашылуы өтіп, лентасы қиылды.

«Аталған бағыттың ашылуы бауырлас мемлекеттердің байланысының беки түсуіне ықпалы мол» деген облыстық жолаушылар көлігі және автокөлікжолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Мырзабаев құттықтау сөзін жеткізді.

«Өз кезегінде Өзбекстанға саяхаттап келетін туристер легінің Түркістан қаласына келуіне сеп болады деген сенім мол. Күнделікті сағат 07:00мен 17:00-деекі автобус қатынайтын болады. Қазақстандағы тасымалдаушы -«Бақдаулет-Сервис» ЖШС болса, өзбекстандық тасымалдаушы «Узавтотранс» ООО. Жол журу ақысы 2000 теңге, сумға шаққанда 50 000 сумды құрайды», - деді ол.

Айта кетейік, қызыл лентаны қиюқұрметіне Өзбекстан астанасына ем алуғааттанғалы отырғанқала тұрғыны Жантемир Алимов ие болды. «Бақдаулет-Сервис» ЖШС-нің директоры Нұржау Қарабаевтың айтуынша, шекарадан өту мәселесіде оңтайландырылған. Жобамен 40 минуттың ішінде екі елдің шекарасынан құжаттарды түгендеп өтуге болады. Ол бұрынғыға қарағанда біршама уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Биыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып бекітілгені белгілі. Халықаралық автобустың ашылуы осы жылдың мерейін асырған-ды.