ТҮРКІСТАН: Заңсыз қаруларын тапсырғандар сыйақыға ие болып жатыр

0
761

Заңсыз қаруын тапсырғанға сыйақы беріледі.


ТҮРКІСТАН: Заңсыз қаруларын тапсырғандар сыйақыға ие болып жатыр

Түркістан облысы Келес ауданының 10 азаматы тіркелмеген қаруларын полция бөліміне тапсырған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан заңсыз қаруды өз еркімен тапсыру акциясы аясында Түркістан облысы Келес ауданының 10 азаматы тіркелмеген қаруларын полция бөліміне тапсырған.

Тарқатып айтсақ, атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған шаралардың 2019-2021 жылдарға арналған кешенді жоспарының 1.8-тармағын орындау мақсатында және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу деңгейін арттыру мақсатында 2020 жылғы 1 шілдеден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталып тұрған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіліп жатыр.

Тиісінше, мемлекет азаматтардың өз еркімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға сыйақы белгілеген. Сондай-ақ, заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен өткізген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылудан босатылады.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай аудандық полиция бөлімінің 102 телефонына хабарлауын сұрайды.