​ТҮРКІСТАН: Жедел жәрдем қызметі 32 жаңа медициналық көлікпен толықты

0
1 993

Енді «Lada Largus» маркілі жедел жәрдем көлігі тұрғындарға қызмет көрсететін болады.


​ТҮРКІСТАН: Жедел жәрдем қызметі 32 жаңа медициналық көлікпен толықты

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев денсаулық сақшыларына 32 жаңа медициналық жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Lada Largus» маркілі автокөліктер медициналық талапқа сай барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 300 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған темір тұлпарлар аудан және қалаға жол тартты.
Салтанатты жиында облыс әкімі ақ халатты абзал жандарды құттықтады.
"Мемлекетіміз медицина саласына әрдайым басты ұстаным береді. Себебі, денсаулық біздің - ең басты байлығымыз. Сондықтан, жедел медициналық жәрдемді тез арада модернизациядан өткізіп, құрал жабдықтармен қамтып отырмыз. Алдағы уақытта әр ауданда жаңа жедел жәрдем станцияларын саламыз. Екі, үш жылдың ішінде бұл сала толық көлікпен қамтылады. Елдің игілігіне қызмет ете беріңіздер", - деді Өмірзақ Естайұлы.
Келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарланып отыр. Санитарлық автокөліктер - облысымызда тәулігіне емханалық көмекке қаралатын 34 мың адамға және жедел медициналық көмекке жүгінетін 5 мыңнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызмет сапасының жоғарылауына ықпал ететіні анық.