ТҮРКІСТАН: Жеңілдетілген несиемен кәсібін кеңейткендер көп

0
460

2529 азамат қаржы ұйымдарынан 2 млрд. 283 млн. жеңілдетілген несие алған.


ТҮРКІСТАН: Жеңілдетілген несиемен кәсібін кеңейткендер көп

Түркістан облысында жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жыл басынан бері Қазығұрт ауданында 2529 азамат қаржы ұйымдарынан 2 млрд. 283 млн. жеңілдетілген несие алған. Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев несие алып, өз жұмысын бастаған Қазығұрт ауыл округіндегі бірқатар кәсіпкерлердің жұмыс барысымен танысты.


Ауыл тұрғыны Женис Дуйсебаев 3,5 млн. теңге қаржы алып, өз үйінің мал қорасында ірі қара мал бордақылауда. Ал, Қалдыбай Жәнібек 2,5 млн. теңге қаржыға өз ауласынан шағын газоблок өндіруде, келешекте арнайы цех құрылысын салып өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланған.


Қазығұрт ауданының тумасы Нұржан Мұратов жиһаз жасау цехын ашып, аудан азаматтарын жұмыспен қамтып отыр. Жоралы Нарымбетов 6,8 млн. теңгеге өз ауласынан қора салып, 6 түйе асырауда. Қымыран дайындап, көпшіліктің ықыласына бөленуде, алдағы уақытта түйе басын көбейту жоспарында бар.