​ТҮРКІСТАН: Жетісайда ТЖ кезінде үш күннің ішінде үш беташар өткізілген

0
1 173

Үш жайтқа байланысты айыппұл салынды


​ТҮРКІСТАН: Жетісайда ТЖ кезінде үш күннің ішінде үш беташар өткізілген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған 5 жайт анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысының қаулысымен ағымдағы жылдың 16 наурызы мен 15 сәуірі аралығында республикамызда төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған сәйкес Түркістан облысының полицейлері күшейтілген режимде жұмыстарды атқарып, арнайы рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Осындай кезекті рейд барысында Түркістан облысы Жетісай ауданында төтенше жағдай режимін сақтамаудың 5 бірдей жайты анықталды.

Мәселен, Жетісай қаласындағы ойынханалардың бірі түнгі уақытта азаматтарды қабылдап, сақтық шараларын ұстанбай қызмет көрсетіп отырған. Одан кейінгі жайттар 3 күн ішінде қатарынан ұйымдастырылған үш беташар тойы. Полицейлердің тұрақты түрдегі қадағалауының нәтижесінде төтенше жағдайды бұзып, адамдардың басын қосып жиын ұйымдастырған 3 азаматша, яғни Жетісай ауданының тұрғындары анықталды. Ал бесінші жайт, қала аумағындағы дәмханаларды тексеру кезінде орын алды. Төтенше жағдайдың талаптарына сәйкес, шектеулерді ескерместен қала аумағындағы дәмхана иесі тұрғындарға қызмет көрсетіп келген.

Жоғарыдағы 5 жайтқа байланысты Жетісай аудандық полиция бөлімінің полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша хаттамалар толтырды. Үш жайтқа байланысты соттың шешіміменайыппұл салынса, қалған жайттарға сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.