Білім беру ұйымдарына мемлекеттік тарапынан бөлінетін қаражаттар туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының баршаға көрінетін жерлеріне орналастыру керек.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Ұлттық бюро департаментінің, сондай-ақ, облыс Әкімдігінің ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Жиынға «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық білім басқармасының және қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, қала, аудан әкімдерінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасарлары мен облыстағы барлықбілім беру ұйымдарының 1300 басшылары, сондай-ақ, арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.
Іс шараның мақсаты–білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, ата – аналардан,оқытушылардан заңсыз ақша жинаудытоқтату мәселелерін кеңінен талқылау.
Отырысқа төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков облыста білім беру саласы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары сала екені Елбасы тарапынан сынға ілінгенін, білім беру саласыжемқорлық көріністері жоғары деңгейге жетіп отырғанынайтып, білім беру ұйымдарының басшыларына жемқорлық тәуекелдерін төмендетубағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Кездесудесөз алған Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстаржүргізіліп жатқанына қарамастан білім саласы әлі де болса жемқорлық деңгейі жоғары екені атап өтті.
Өз баяндамасының соңында білім беру саласында ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында бірқатар нақты ұсыныстар енгізді.
Атап айтқанда, орталықтандырылған қаржыландыру жүйелерін енгізу, мұғалімдерді жұмысқа қабылдауды мектеп директорларының құзырынан алып, бұл жұмыспен тікелей ең алдымен қоғам мүшелерінен енгізілген конкурстық комиссия мүшелеріне беру, мұғалім лауазымы үміткерлері үшін тестілеу бағдарламасын әзірлеу, техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды аутсорсингке беру.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарына мемлекеттік тарапынан бөлінетін қаражаттар туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының баршаға көрінетін жерлеріне орналастыруды.
Мәжілісте«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.М.Жолдасов, облыстық білім басқармасының басшысы И.Ө.Сағындықовтақырыптық бағытта баяндама жасады.
Бұған қоса, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Б.М.Қасымов мұғалімдерді жұмысқа және оқушыларды мектепке қабылдаудағы ашықтықты қамтамасыз ету бойынша өз мектебіндегі тәжірибемен бөлісті.
Жиында Ұлттық бюро Департаменті басшысының орынбасары Ә.Жорабеков осы салада орын алған қылмыстар туралы баяндама жасап, соңынан ұсталған мектеп директорларына қатысты видео түсірілімдер көрсетті.
Жиын соңында Ұ.Сәдібеков қатысушыларға бүгінгі кездесуден қорытынды шығаруды,күн тәртібіндеқаралған басты мәселе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетубағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.