Түркістанда білім саласындағы цифрландыру жүйесін республикада тұңғыш болып қолға алды

0
1 677

Аталған жүйе Түркістан облысының барлық аудандарындағы мектептерінде қосылып, бүгінгі күні жүйе арқылы 54 751 оқушы электронды түрде 1-ші сыныпқа қабылданды.


Түркістанда білім саласындағы цифрландыру жүйесін  республикада  тұңғыш болып қолға алды

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының білім саласында жүзеге асуы тақырыбында баяндама жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте жемқорлықты болдырмау мақсатында «Sitcen» жобасының облыс көлеміндегі білім саласындағы бағдарлама аясында орын алып жатқан жаңашылдықтары жайлы сөз болды.
Облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қолдауымен жүзеге асқан бұл жүйе білім саласында өте көп сұранысқа ие және ашықтық пен қолжетімділікке бағытталған.
- Бүгінде облысы көлемінде «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қоюды автоматтандыру» жобасында 481 мекеме (35%) қамтылды. Balabaqsha.sitcen.kz порталына қосу арқылы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, үсітіміздегі жылдың шілде айынан бастап облыс көлеміндегі 902 мектептің барлығы mektep.sitcen.kz порталы арқылы білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер автоматтандырылды. Аталған жүйе Түркістан облысының барлық аудандарындағы мектептерінде қосылып, бүгінгі күні жүйе арқылы 54 751 оқушы электронды түрде 1-ші сыныпқа қабылданды. Жүйенің тиімділігі ата- ана мектепке бармай-ақ үйінде отырып қалаған мектебіне ұл-қызын бірінші сыныпқа қабылдауға өтініш бере алады және өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама ала алады, - деді Ардақ Мәдіханқызы.
Жиын соңында БАҚ өкілдері тарапынан сұрақтар қойылып, басқарма қызметкерлері тұщымды жауаптар айтты.