​Түркістанда ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыс көп

0
1 319

Бүгінде қаладағы 20-дан астам әлеуметтік нысандарға абаттандыру жұмыстары жүргізіліп үлгерді.


​Түркістанда ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыс көп

Түркістан қаласында құрылыс саласы қарыштап қарқын алуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының орталығында ел игілігі үшін жасаланып жатқан жұмыс көп. Соның бірі құрылыс саласы. Қала ішінде аяқжолдар төселіп, әлеуметтік нысандар елдің қолданысына беріліп жатыр. Шаһардың сәулетіне сән қосқан саябақтарда қатары да көтейіп келеді. Облыс орталығындағы абаттандыру жұмысы мұнда келетін туристердің де қызығушылығын арттыратынына сенім мол.

Атап айтсақ, бүгінде қаладағы 20-дан астам әлеуметтік нысандарға абаттандыру жұмыстары жүргізіліп үлгерді. Оның ішінде жөнделген аяқжолдар мен көше шамдары жарықтандырылды. Рухани шаһарға сән берген саябақтардың бірқатары күрделі жөндеуден өтсе, енді бірі жаңадан салынып облыс тұрғындарын қуанышқа бөлеуде.

Түркістан қаласының ТҮКШ бөлімінің басшысының айтуынша, шаһарда ойын алаңшаларының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Балалар алаңшасы заман талаптарына сай үлгіде жасалып жатыр. Балғындардың алаңсыз ойнауына, спортпен емін-еркін шұғылудануына мүмкіндік көп болмақ. Мердігер компанияның айтуынша аталған нысандар жуық арада ел игілігіне берілмек.

«Мұнда қарқын алған құрылыс қаланың экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосады. Алдағы уақытта Түркістандағы индустриалды аймақта жаңадан өндіруші кәсіпорындардың да құрылысы қарқын алуда. Бұл жағдай Түркістан қаласындағы жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай төмендетуге септігін тигізеді», - дейді Түркістан қаласының тұрғыны С.Қарықбаев.