Түркістандағы «Достық үйі» күзде пайдалануға беріледі

0
449

Бұл жұмыс әлі де жалғасуда.


Түркістандағы «Достық үйі» күзде пайдалануға беріледі

Түркістанда «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында облыстық ҚХА-ның ХХVI сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде елімізде азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін жақсарту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл тұрғыда түрлі этнос өкілдерін біріктіретін Ассамблеяның маңызы зор. Осы орайда Түркістан қаласында «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтті.


Сессия барысында сөз алған ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен ҚХА-ның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында жүктелген мақсат-міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ ҚХА Төрағасының орынбасары күрделі кезеңде тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсеткен барша түркістандықтарға алғыс айтты. Айта кету керек, ҚХА-ның «Жүректен – жүрекке» ауқымды акциясы аясында Түркістан облыстық Ассамблеясы осы игі миссияның көшбасшысы болды. Түркістандық Ассамблея құны 150 миллион теңгенің гуманитарлық көмегін жіберді. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда.


Марат Әзілханов пен Бейсенбай Тәжібаев өңірімізде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтарды арнайы марапаттады. Сапар аясында Марат Алмасұлы Түркістан қаласында Президент тапсырмасына сай салынып жатқан «Достық үйінің» құрылысымен танысты. Аталған ғимарат биыл күзде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.