Түркістандық әкім «Ең үздік ауыл әкімі» конкурсында жүлделі болды

0
515

Сайыста тұрғындар пікірі ескеріліп, аймақтың экономикалық даму көрсеткіштері негізге алынды.


Түркістандық әкім «Ең үздік ауыл әкімі» конкурсында жүлделі болды

Республикалық «Ең үздік ауыл әкімі» конкурсы мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлау арқылы таңдау қажеттігін тапсырған болатын. Осы орайда, «Үздік ауыл әкімі» конкурсының маңыздылығы мен өзектілігі арта түсті. Өйткені конкурстың негізгі мақсаты – жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан, сондай-ақ халықпен белсенді ашық жұмыс жүргізетін үздік ауыл әкімдерін анықтау және ынталандыру болып табылады.


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен республикалық «Ең үздік ауыл әкімі» конкурсы 15 қазанда мәресіне жетті. Байқау қорытындысы бойынша Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімі Сиқымбаев Әбдіқадыр Ермекұлы екінші орынды жеңіп алды.


Ауылдық аймақтың дамуына өз үлесін қосқан, халықтың әл-ауқатын жасқартуға жұмыс жасап жүрген ауыл әкімін анықтау мақсатында өткен сайыста тұрғындар пікірі ескеріліп, аймақтың экономикалық даму көрсеткіштері негізге алынды.