Олар АҚШ-тың Солтүстік Королина штатынан келген ерлі-зайыпты Уиллиам және Барбара Брэнчтер.
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласына келген миллионыншы туристке шапан жауып, қолына қамшы ұстатты. Әрі қаланың туристік бейнесі саналған Тайқазан кәдесыйын тарту етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бүгін облыс орталығына келген миллионыншы туристің есімі анықталды. Олар АҚШ-тың Солтүстік Королина штатынан келген ерлі-зайыпты Уиллиам және Барбара Брэнчтер.
Осы айтулы датаға орай өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі алдында құрметті қонақтарға қазақы сый құрмет көрсетті.
Өз кезегінде шетелдік қонақтар қазақ халқының ақкөңіл, меймандостығына алғыстарын білдірді.
Естеріңізге салар болсақ, облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан шаһарына саяхаттап келген туристер саны артып, биылғы 8 айдың өзінде олардың қатары 900 мыңға жеткен.
Ал, былтыр тарихи орынды қызықтау және зиярат етуге келгендер саны 1 миллионнан асқан болатын.