Жастар кәсіпкерлігі – шағын бизнесті дамытудың басым бағытының бірі

0
2 635

Кәсіпкерлер жоспарлайды, ұйымдастырады, өндіреді және өз ісіне жауапкершілік алады.


Жастар кәсіпкерлігі – шағын бизнесті дамытудың басым бағытының бірі

Түркістан облысында жастар кәсіпкерлігі шағын бизнесті дамытудың басым бағыттарының бірі, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кәсіпкерлік – бұл шығармашылық өндіріс қызметі, нәтижесінде тауарлар мен қызметтер жасалады және сатылады.Кәсіпкерлер жоспарлайды, ұйымдастырады, өндіреді және өз ісіне жауапкершілік алады. Оларда іскерлік белсенділік, бастамашылдық, мақсаттылық, сәттілік әкелетін бизнесті бастау және жүзеге асыру мүмкіндігі сияқты қасиеттер бар.Жоғары амбициялар,өз-өзіне сенімділік, тәуелсіздік, табандылық, белсенділікке бағдарлану, еңбекқорлық, өз тәжірибесінен үйренуге ұмтылыс, батылдық, тәуекелге бел байлау, шығармашылық сияқты қасиеттердің бәрі табысты кәсіпкерлерді сипаттайды.

Қазіргі қоғамда кәсіпкерлер буыны жасарып келеді. Ал, жастар – бұл қалыптаса алатын, стереотиптері жоқ тұлғалар, сондықтан қоғамныңсын-қатерлеріне серпінді жауап қайтаруға қабілетті адам капиталының бөлігі. Сондай-ақ, бүгінгі күні инновация саласындағы жас ғалымдардың, өнертапқыштардың, кәсіпкерлердің дамуы үшін түрлі жағдайлар жасалуда.

Инновациялық экономиканы дамыту үшін сыртқы орта жағдайында жаңа технологиялармен жұмыс істей алатын жас мамандар қажет. Сондықтан, студенттерді кәсіпкерлік қызметке тарту – бұл мәселені шешудің тиімді әдістерінің бірі.Креативті жастар идея туғызуға қабілетті екендігі белгілі, әрі олар әрқашан «инновацияның көзі» деп есептеледі.Осы мақсатта жаңа дәуір кәсіпкерлерін тәрбиелеуге мүмкіндік беретін кешенді жүйе қалыптасуда.

Қазақстанның инновациялық экономика құрудағы басты міндеті – оның болашақ іргетасын – жас, бастамашыл және жаңашыл кәсіпкерлерді қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2019 жылғы ресми мәліметтерінесүйенетін болсақ, Түркістан облысының жалпы халық саны 2 016 120 адамдықұрады, осы көрсеткіш 2020 жылы2 038 016-ға жетті, оның ішінде жастар саны 2019 жылы 457 047 болса, 2020 жылы 465 699-ға жеткен. Сонымен қатар, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылы 5,7 мың адамды құраса, 2020 жылы еліміздетөтенше жағдай енгізілуіне байланысты бұл көрсеткіш 6,7 мың адамға жетті.

Түркістан облысында жастар кәсіпкерлігі шағын бизнесті дамытудың басым бағыттарының бір. Мысал ретінде айтатын болсақ, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы. Бұл бағдарламаны іске асыру шеңберінде облысымызда жастар кәсіпкерлігін дамытуға барлық жағдай жасалуда. Атап айтсақ, бизнес бастау үшін қолжетімді несиелер қарастырылып, жас кәсіпкерлермен жұмыс жасайтын білікті қызметкерлер, кәсіби сарапшылар кеңесі және сауатты тәлімгерлер қызмет етуде. Бағдарламаның арқасында жастар кәсіпкерлігін дамыту барысында нақты өзгерістер болып жатыр.

Қорыта келе,жастар кәсібіне қолдау көрсету, кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнестің өркендеуі біздің қоғамдағы қаржылық тәуелсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Сұлтан Бақытұлы.